USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Ел еңсесін еселеген Елбасы» атты Президент оқулары өтті

«Ел еңсесін еселеген Елбасы» атты Президент оқулары өтті

Тұңғыш Президент күніне орай Семейде «Ел еңсесін еселеген Елбасы» атты президент оқулары өтті. Жалынды жастар бақ сынасқан тартысты бәсекеде М. Әуезов атындағы педагогикалық колледждің студенті Болат Байтасов бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Байқаудың мақсаты - студенттер арасында ҚР Президентінің шығармашылығын, еңбектерін насихаттау, білім алушылардың ақыл-ой қабілеті мен білімге құмарлығын арттыру, ораторлық сөйлеу шеберліктерін жетілдіру, жастарды қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге тәрбиелеу. Тұңғыш Президент күнінде қалалық Достық үйінде өткен Президент оқуларында қатысушылар 3 кезеңде сайысқа түсті. Алғашқы кезең «Елбасы және ғасырға татитын 23 жыл» атты тақырыптағы ораторлық кезеңде қатысушылар Елбасы саясатына деген көзқарастарын ой-толғау арқылы білдірді. «Елін сүйген Елбасы» атты екінші кезеңде қатысушылар Ұлт көшбасшысы жайлы өлең, поэма, ғалымдар мен саясаткерлердің еңбектерімен терең таныстығы, меңгеруі, жатқа айту шеберліктерін ортаға салса, «Елбасы Жолдауы - халықтың қолдауы» атты үшінші кезеңде қатысушылар билеттер бойынша сұрақтарға жауап берді.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені М. Әуезов атындағы педагогикалық колледждің студенті Болат Байтасов иеленді. Жүлделі І орынға Д. Қалматаев атындағы медицина колледжінің студенті Айым Айтмұқашева ие болды. Гуманитарлық-экономикалық колледж шәкірттері Назерке Мәулетова мен Аяулым Зейнешова жүлделі ІІ орынға лайық деп танылса, құқық және бизнес колледжінің студенттері Мәриям Базарова мен Дулат Елеуов Дулат ІІІ орынға қол жеткізді. Жүлдегерлер мақтау грамоталары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде