USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Волейболдан Семей қаласының ашық біріншілігі өтті

Волейболдан Семей қаласының ашық біріншілігі өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің спорт кешенінде жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында волейболдан Семей қаласының ашық біріншілігі өткізілді.

Екі күнге созылған тартысты бәсекеге Семей қаласының ең мықты волейболшылары жиналып, жалпы саны 8 команда өзара бақ сынасты.

Ойын қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

III орын - Педагогикалық колледж

II орын - Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

I орын - Семей қаласының Мемлекеттік медицина университеті

Жарыста сонымен қатар Қабдолдин Айбар (ММУ) «Үздік жартылай қорғаушы», Саниязов Табиғат (Педагогикалық колледж) «Үздік шабуылдаушы», Санақбек Олжас (Топографиялық колледж) «Үздік ойыншы» аталымдары бойынша ерекшеленді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Студенттердің ерекше ықыласына бөленген турнир жоғары деңгейде өтті.

Нұрсұлу Саветқызы
Источник: Altaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде