USD 315.43
EUR 342.75
RUB 5.55
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Тұңғыш Президент күніне орай балалар сурет көрмесі өтті

Тұңғыш Президент күніне орай балалар сурет көрмесі өтті

ШҚО-да өтіп жатқан ҚР Тұңғыш Президентіне арналған мерекелер шеруінің онкүндігі аясында Өскемен қаласында облыстық Достық үйінің ұйымдастыруымен мерекеге орай балалар сурет көрмесі өтті. Көрмеге 2-5 сынып аралығындағы балалардың 150 тарта суреті қойылды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Шараның негізгі идеясы сурет әлемі арқылы балалардың еліне, жеріне, Елбасына деген сүйіспеншілігін түрлі-түсті бояулар арқылы көрсету, Елбасының өнегелі ісін, еңбек жолын үлгі тұта отырып, отанын сүйетін патриоттар тәрбиелеу, өнерге деген қызығушылықтарын, шығармашылықтарын шыңдау. Осы орайда, ұйымдастырылған «Отан, Президент және Мен» атты көрмеге Өскемен қаласы мектептері оқушыларының, мүгедек және жетім балалардың жұмыстары қойылды.

Тұңғыш Президент күніне орай балалар сурет көрмесі өтті

- Еліміз егемендік алғалы бері Отандық рухта тәрбиеленген жас ұрпақтың танымын салған суреттерінен көруге болады. Көрмеге қойылған өзге ұлт өкілдері балаларының қазақы киіз үйді шебер суреттеуі таң қалдырады, - дейді Достық үйінің директоры Елдар Төлеубеков.

Көрікті көрмемен қатар, Достық үйінде бүлдіршіндердің көңілді концерті өткізілді. Әсем әнімен, мың бұралған биімен көрерменін тамсандырған өнерпаз балаларға шараның өтуіне демеушілік етіп отырған «Эмиль» ЖШС, Орталық базар, «Vita» компаниясының өкілдері бағалы сыйлықтар табыстады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде