USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қытайлық өнерпаздармен бірігіп концерт қойды

Қытайлық өнерпаздармен бірігіп концерт қойды

ШҚО Жарма аудандық мәдениет үйінде Қытай Халық Республикасы Тарбағатай ауданынан тәжірибе алмасу мақсатында арнайы келген өнер ұжымдарының концерті болып өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Концертке сонымен қатар, облыстық көркемөнерпаздар байқауының бірнеше дүркін бас жүлде иегері «Сұлуым» эстрадалық қыздар тобы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Салтанатты шарада ҚХР-дан келген Арна Нәбидоллақызының орындауындағы «Жайлауым бақша жайнаған» және «Шырайлым-ай», сондай-ақ, Ерболат Қызыкенұлы орындаған «Ауылдастар» әндері тыңдарманның көңілінен ерекше шықты.

Концертте бірқатар халық әндерін орындаған аудандық мәдениет үйінің эстрадалық қыздар тобы, сондай-ақ, әншілер А.Мұстафаева мен Ұ.Асығатбек сияқты жергілікті өнерпаздар да жиналған қауымның зор қошеметіне бөленді.

Шара соңынан барлық өнер иелеріне аудан әкімінің атынан естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: қытай
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде