USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Нұр Отан» партиясы ШҚОФ жаңа төрағасы сайланды

«Нұр Отан» партиясы ШҚОФ жаңа төрағасы сайланды

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының орынбасары Бауыржан Бәйбектің қатысуымен өткен «Нұр Отан» партиясы ШҚОФ XVI есеп-беру сайлау конференциясында облыстық филиалдың саяси кеңесінің жаңа құрамы бекітілді. Конференцияда ШҚО әкімі Даниал Ахметов «Нұр Отан» партиясы ШҚОФ төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Конференцияда Бауыржан Бәйбек Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Нұрлы Жол - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» жаңа экономикалық саясатының маңыздылығына тоқталды. «Президент Жолдау аясында барлығымызға нақты тапсырмалар беріп отыр. Осы орайда, Нұр Отан партиясы барлық деңгейдегі бюджет қаражатының жұмсалуы мен қолға алынған жобалар жұмысының сапасын бақылауды қолға алады», деді Б. Бәйбек.

Жиын барысында партияның облыстық филиалының жаңа төрағасын сайлау өттi. Бұл орынға Байыржан Бәйбек Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен облыс әкiмi Даниал Ахметовтың кандидатурасын ұсынды. Өңір әкімінің кандидатурасын қатысушы 398 партия мүшесі бірауыздан қолдап, Бауыржан Бәйбек филиалдың жаңа басшысына партияның жаңа үлгiдегi билетiн табыс еттi.

Даниал Ахметов СҚО, Павлодар облыстарына әкімі, төрт жыл Премьер-министр болып, ел дамуына үлкен үлес қосу арқылы толағай тәжірибе жинаған саясаткер. Сондықтан, бүгінгі күні «Нұр Отан» партиясы ШҚОФ төрағалығына сайланған Даниал Кенжетайұлы ШҚО дамуына серпін бере отырып, Партия жұмыстарын да табысты атқаратынына сенімдімін, деді Б. Бәйбек.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: Нұр Отан
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде