USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Аягөз ауданының әкімі жастармен кездесті

Аягөз ауданының әкімі жастармен кездесті

Мемлекетіміз қашан да жастарға ерекше көңіл бөліп келеді. Осының арқасында соңғы жылдары жастардың қоғамдағы рөлі артып, белсенділіктері жоғарылауда. Бүгінгі жастар қоғамда орын алып жатқан әрбір оқиғаға бей жай қарамайды және мемлекетіміздің дамуына өз үлестерін қосып келеді.

Өз кезегінде өскелең ұрпақ жастарымыз да қоғамдық дамудың сан саласында өздерін жақсы қырынан танытып, аға ұрпақтың ұлағатты ұстанымдарына адалдық танытып, ұрпақтар сабақтастығын ілгері алып келеді.

Жастар тәуелсіз елімізді әлемге танытқан, сонымен бірге, бүгіні мен ертеңін еңселендіруші, көшбасшылық, көрегенділік қасиетімен әлемдік ірі саясаткер деңгейіне көтерілген Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын қолдайтын бірден-бір ізбасары.

Аягөз ауданының әкімі жастармен кездесті

Бүгін Аягөз ауданында Жастар орталығының ұйымдастыруымен 18-29 жас аралығындағы жастар аудан әкімі Нұрбол Жолдаспекұлымен кездесті. Аягөз аудандық политехникалық колледжінде өткен кездесуге әр ауылдық округтердің жастар ісі жөніндегі мамандары, дәрігерлер, ұстаздар, политехникалық колледжіннің студенттері, мектепті «Алтын белгі», «Үздік аттестатқа» бітіруге үміткер оқушы жастарымыз, жалпы жиыны 161 жас қатысты.

Кездесу ең алдымен 11 қарашада өткен Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдауымен басталды. Елбасымыздың жастарға қатысты Жолдауындағы ең өзекті мәселелерді талқылап, жастар аудан әкімімен өз ойларын бөлісті. 2 сағатқа ұласқан кездесуде аудан басшысы жастардың жігерін оятып, әлемнің бірнеше елдерінде болып жатқан конфессия аралық қақтығыстарды мысалға алып , жастарымызды бірлікпен татулыққа шақырды.

Кездесудің бейресми және емін-еркіндік жағдайы ашық және қызығушылық әңгімеге мүмкіндік берді. Аудан әкіміне көптеген сұрақтар қойылып, әкім өзінің өмірлік және кәсіби тәжірибесімен бөлісе отыра, барлық сұрақтарға нақты жауап берді. Жиын соңы естелікке суретке түсумен аяқталды. Алда осындай жігер беретін, игі кездесулер өз жалғасын табады.

Роза Каирбаева
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: аягөз ауданы
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде