USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Тұңғыш рет «Қазына» интелектуалдық спорттық сайысы Семейде өтті

Тұңғыш рет «Қазына» интелектуалдық спорттық сайысы Семейде өтті

«Нұр Отан» партиясының «Жастар Отанға!» жобасы аясында Семей қаласында «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен студенттер арасында интелектуалдық «Қазына» спорттық сайысы өтті.

Сайыстың негізгі мақсаты студенттер арасында ауызбіршілік, патриоттық және рухани дүниелерін ояту, ойлау қабілетін жақсарту болып табылады.

Ойынға жалпы саны 5 команда қатысты. Олар: Радиотехника және байланыс колледжі, "Авиценна" медициналық колледжі, Евразиялық технико-гуманитарлық колледжі , Геологиялық барлау колледжі, Семей музыкалық колледжі.

Тұңғыш рет «Қазына» интелектуалдық спорттық сайысы Семейде өтті

Ойыншылар өзара жақсы қарсылас бола білді. Нәтижесінде басқаларды шаң қаптырып "Авиценна" колледжінің "Салауат" командасы тапсырмаларды мінсіз орындап, қала ішінде жасырлған "қазынаны" алғашқы болып тапты. Бірталай ойыншылар сайыс тарихында өз есімдерін қалдырды. Атап айтсақ "Салауат" тобының капитаны Рустам Омарханов, Назым Омарова, Назым Ахметкали, Инкар Мукашева, Бақытжан Ермеков, Мадьяр Сейдахметов.

Жеңімпаз командалар және үздік ойыншылар, сонымен қатар қатысқан барлық командалар марапатталып бағалы сыйлықтарға иеленді.

Бұл іс-шара мақсатына жете білгеніне «Нұр Отан» партиясы ШҚОФ Семей қалалық "Жас Отан"ЖҚ белсенді мүшесі, сайыс координаторы Сламджан Мұхаммед қуанышын білдірді. «Біз бір командамыз!» - деп жұмған жұдырықтай жұмыла білсек, берекеміз, мерекеміз арта бермегі сөзсіз.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: жас отан
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде