USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Электр қуатына қарызы бар азамат қамауға алынды

Электр қуатына қарызы бар азамат қамауға алынды

«Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің хабарлауынша, энергияға қарызды төлегісі келмеген борышкерлер қатаң жазаланатын болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Сот шешіміне мойынсұнбаған азаматтарға Қылмыстық кодекстің 362-бабына сәйкес ірі көлемде айыппұл салынумен қатар, бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілмек.

Бүгінгі күні Өскемен аймақтық сот орындаушылар бөлімінде «Шығысэнерготрейд» ЖШС, «Өскемен жылу желілері» АҚ және «Надежда» ПИК пайдасына өндірілуі тиіс 316 463 теңге көлеміндегі қарыз бойынша құжаттар қаралды. Борышкерге сот шешімін орындау туралы бірнеше рет хабарлама жолданған, бірақ ол бұған мойынсұнбаған. Нәтижесінде Өскемен қалалық мамандандырылған әкімшілік сотымен аталған тұтынушыға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық бойынша істі қарады. Сот шешімімен борышкер Қылмыстық кодекстің 524-бабына сәйкес 5 тәулікке қамауға алынды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: шығысэнерготрейд
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде