USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Берелге телефон байланысы орнатылды

Берелге телефон байланысы орнатылды

ШҚО Катонқарағай ауданы орталығынан 180 шақырым қашықтықта жатқан Берел ауылына телефон байланысы орнатылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Осыған дейін телефон ауылдың мектебінде, Берел орманшылығында, фельдшерлік-амбулаториялық пунктте ғана болған. Көптен бері көтеріліп келе жатқан мәселе шешімін тауып, ауылға сыйымдылығы ауқымды СДМА-450 сандық сымсыз телефоны орнатылып, іске қосылды. Енді ауылдағы кез келген үйге еш қиындықсыз телефон қоюға әбден болады. Айта кетерлігі, тұрғындар телефон орнату үшін ақы төлемейді. Тек қана аппарат сатып алып, ел қатарлы ай сайынғы 750 теңге мен қалааралық қоңыраулар үшін ғана төлейтін болады.

Телефон байланысының орнатылуына орай арнайы келген аудан әкімі Қалихан Байғонысов бұл аймақта әлі талай жұмыстар атқарылатынын айтты. Мәселен, жуық арада Өрелден Рахманға дейінгі жол мәселесі толығымен шешіледі. Бұған мемлекет тарапынан үш млрд. 300 млн. теңге қаржы бөлініп те қойыпты. Сонымен қатар, Жамбыл ауылының тұсынан ұзындығы 99 метрлік темір бетон көпір салу жоспарда бар көрінеді. Сондай-ақ, Жамбыл мен Берел арасындағы жолдың күрделі жөндеуден өтуіне байланысты құжаттар жасалып, Үкімет қарауына тапсырылғандығы айтылды.

Мерей Қайнарұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде