USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ерсайын Мұхаметжановты еске алу құрметіне арналған баскетболдан турнир өткізілді

Ерсайын Мұхаметжановты еске алу құрметіне арналған баскетболдан турнир өткізілді

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің спорт кешенінде 14-16 қараша күндері әйгілі бапкер Ерсайын Мұхаметжанұлы Мұхаметжановты еске алу құрметіне арналған Республикалық баскетбол турнирі өткізілді.

Студент кезінен жан-жақты дамыған, жас әрі белсенді спортшы өмірінің көп жылдарын балалар баскетболына арнап, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері қызметін атқарды. Сонымен қатар волейбол, күрес сияқты спорт түрлерімен де айналысып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.

Республикаға танымал бапкердің құрметіне ұйымдастырылған турнир осымен дәстүрлі түрде 9-рет өткізіліп отыр.Жарысқа Өскемен, Семей, Рубцовск қаласының (Ресей) ардагерлер командалары және жоғары оқу орындарының студенттер құрамалары қатысып, өзара бақ сынасты.

Ойын қорытындысы бойынша ардагерлер арасында бірінші орынды Рубцовск қаласының құрамасы жеңіп алды. Екінші орынды Өскемен қаласы иеленсе, үшінші орынды Семей қаласының ардагерлері қанағат тұтты. Сондай-ақ Семей құрамасының ойыншысы Бужилов Константин «Үздік қорғаушы», Рубцовск қаласының ардагері Строгонов Александр «Үздік шабуылдаушы», Өскемен қаласынан келген Грачев Александр «Үздік ойыншы» аталымдарына ие болды.

Студенттер арасында бірінші орынды Семей қаласының Шәкәрім ат. мемлекеттік университеті, екінші орынды Рубцовск қаласының Индустриалды институты, ал үшінші орынға Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің командасы ие болды. Аталымдар бойынша «Үздік қорғаушы» Семей қаласының ММУ-нің студенті Бапенов Ақылбек, «Үздік шабуылдаушы» Рубцовск Индустриалды институтының студенті Курицин Евгений, «Үздік ойыншы» Семей қаласының Шәкәрім ат. МУ-нің студенті Худяков Олег жеңімпаз атанды.

Турнирдің жабылу салтанатына арнайы келген Ерсайын Мұхаметжановтың қарындасы Алия Мұхаметжанова тәрибелік маңызы зор осындай турнирлер жиі өткізілсе деген жүрекжарды тілегін білдірді. Қатысушыларға алғысын жаудырған университет ректоры Әмірбеков Шәріпбек Ағабайұлы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты түрде марапаттады.

Нұрсұлу Саветқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде