USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Нұр Отан» партиясы Ұлан ауданындық филиалында XVI есеп-беру сайлау конференциясы өтті

«Нұр Отан» партиясы Ұлан ауданындық филиалында XVI есеп-беру сайлау конференциясы өтті

«Нұр Отан» Партиясы Ұлан аудандық филиалының XVI есеп-беру сайлау конференциясы өтті. Конференция жұмысына «Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалының Саяси Кеңес мүшесі, Шығыс Қазақстан облыстық маслихат депутаты Рахимова Рая Жанғалиқызы, 16 ауылдық округтен 87 делегат және филиалдың Саяси Кеңес мүшелері: мекеме, ұжым, кәсіподақ өкілдері, жергілікті маслихат депутаттары, ардагерлер, БАҚ қызметкерлері қатысты.

Конференцияның күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер қаралып, 2013-2014 жылдағы Ұлан аудандық партия филиалының атқарған жұмысы туралы есебі тыңдалды, жаңа Саяси Кеңес мүшелері, Бюро мүшелері сайланды, «Нұр Отан» партиясы Ұлан аудандық филиалының төрағасы Байахметов Бақытжан Кәкенқажыұлы сайланып, облыстық партия конференциясына делегатқа 30 адам тағайындалды.

Конференция барысында жарыссөзге партияның белсенді мүшесі А.Уалиев, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Р.Кизатов, «Жас Отан» жастар қанатының инспекторы Жанар Алтайқызы қатысып өз пікірлерін білдірді.

Конференция соңында партияның өміріне өз үлестерін қосып келе жатқан белсенді мүшелеріне алғыс хаттар табысталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: Нұр Отан
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде