USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Шағын архитектуралық мүсіндер Аягөзде бой көтерді

Шағын архитектуралық мүсіндер Аягөзде бой көтерді

Бүгінде Аягөз қаласы жыл өткен сайын жаңарып, абаттанып келеді. Оны қала ішін аралаған кез келген жанның көріп, байқауына әбден болады.

Биыл Аягөз қаласының әкімі мен қала мектептерінің директорлары арасында қала ішінде шағын сәулеттік бейнелер жасау үшін арнайы меморандумдарға қол қойылды. Осы бір игілікті істің нәтижесінде елдігімізді танытар, ұлттық салт-дәстүрімізді айқындар, халқымыздың ежелгі тұрмыс-тіршілігін көрсететін көптеген шағын архитектуралық мүсіндер бой көтерді.

Мәселен, қазақ мектеп гимназиясы жанына «Домбыра», Дулат Бабатайұлы атындағы мектеп маңына «Тауешкі», қалалық №4 мектеп маңайына «Қобыз», №7 жалпы орта білім беретін мектеп қасына «Ертегі кейіпкері», балаларға арналған медициналық әлеуметтік мекеме тұсынан «Асығың алшысынан түссін», тағы басқа композициялар орнатылды. Тоғыз жолдың торабына орналасқан Аягөз қаласының өркендеп, абаттана түсуі қала қонақтары мен тұрғындары үшін аса маңызды екендігін сезесіз.

Алда бұл іс әлі де жалғасын таба беретін көрінеді.

Берікхан Тайжігіт
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: Аягөз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде