USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

ШҚО әкімі Даниал Ахметов ҚР Президентінің Жолдауына орай жиын өткізді

ШҚО әкімі Даниал Ахметов ҚР Президентінің Жолдауына орай жиын өткізді

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өзінің орынбасарларымен және аппарат қызметкерлерімен жиын өткізді. Жиында негізінен ҚР Президентінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру мәселелері жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

- Өздеріңізге мәлім, Елбасы Жолдауында қаржылық мәселелерге байланысты нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды, индустриялық инфрақұрылымдарды, энергетикалық инфрақұрылымдарды, әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту, шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру міндеті алға қойылды, - деген облыс әкімі Даниал аХМЕтОв стратегиялық құжатта көрініс тапқан ауқымды міндеттерді бұлжытпай орындау үшін өңірдің қажеттілігі мен мүмкіндігіне қарай нақты шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Сондай-ақ, ШҚО әкімі нақты шараларға құрылған іс-қимыл жоспары барлық саланы қамту керектігін атап көрсетті. Өйткені, әлемдік экономикалық дағдарыстың ықпалы жағдайында экономикалық саясатты алдын ала қайта бағдарлау міндетін ескеретін мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

Аймақ басшысы Шығыс Қазақстан облысы үшін көлік инфрақұрылымын, тұрғын үйкоммуналдық саласын, қолжетімді жалдамалы тұрғын үй құрылысын дамыту, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, жайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру, ауыл шаруашылығын әртараптандыру мәселелерінің өзекті екенін баса айтты. - алдағы уақытта атқарылар шаруалар ауқымды. Бұл бағдарламалық жұмыстарды жүзеге асыру үшін әркімнен үлкен жауапкершілік талап етіледі, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде