USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жасөспірімдер құқығы қорғалуда

Жасөспірімдер құқығы қорғалудаШҚО Бородулиха аудандық әкімдіктің үлкен залында ағымдағы жылдың 10 айындағы мобильдік топ жұмысының қорытындысы жайлы ведомствоаралық жиналыс өткізілді.

Ведомствоаралық жиналыс тәртібінде 2014 жылдың 10 айындағы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс және құқықбұзушылықпен күрес және алдын алу, ескерту бойынша прокурорлық қадағалаудың жағдайы; Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылық жағдайы және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар, сондай-ақ кәмәлетке толмағандардың құқық бұзушылығына және қылмыс жасауына жол бермеуді шешу жолдары; 2014 жылдың 10 айында Бородулиха ауданы әкімінің аппараты жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның атқарған жұмыстары туралы; 2014 жылдың 10 айында білім беру мекемелерімен атқарылған жұмыстар туралы баяндамалар тыңдалып, көтерілген проблемалар талқылап болғаннан кейін, алдыңғы уақыттағы жұмыстар мен профилактикалық шараларды іске асыру үшін ұсыныстар жасалды.

Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-ші бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу - заман талабы, жасөспірімдердің өз құқығын білулерін басты орынға қоямыз-дейді аудан әкімінің орынбасары, әрі комиссия төрағасы Рыскүл Абузарқызы. Осы бағытта Бородулиха ауданы әкімшілігі жанынан құрылған комиссия 20 отырыс өткізіп, АІІБ мен педұжымдар тартылған кәмлетке толмағандардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын, тәлім-тәрбие мен білім алуларын қадағалаған 26 тексеріс жүргізіпті. Нәтижесінде 4 ата-ана құқығынан айырылып, 26 ата-анаға ескерту жасалыпты.

Жасөспірімдер осылайша, Ата Заңымыз қамтамасыз еткен өз құқықтары мен міндеттерін біліп өсіп келеді. Иә, осы жолда ауданы әкімшілігі жанынан құрылған комиссия біраз жұмыстар жасағандығы көзге көрініп тұр.

Серік Әбілқасымұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде