USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жасотандықтар тұрғындарға медициналық көмек көрсетті

Жасотандықтар тұрғындарға медициналық көмек көрсетті

Жасотандықтар Өскемен қаласы "Жәрдем" базарының кеңес орталығында "Медицина күнін" өткізді. Бұл шараның сауда қызып жатқан базардың ішінде ұйымдастырылуы тұрғындардың назарын аудара білді.

Өскемен қалалық "Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының" мамандары кеңес орталығында тұрғындардың қан қысымын өлшеп, алуан сұрақтарына жауап берсе, жас психолог Рауан Ризабек жеке қабылдау өткізіп, сол күні жиыны 70-ке жуық адамға кеңес берді. Сонымен қатар, тұрғындарға салауатты өмір салтын ұстануға байланысты буклеттер мен кітапшалар таратылды.

- Күнделікті қарбаласпен жүріп денсаулығымызға мән бермей кететініміз рас қой. Ал мына жастардың дәл базардың ішінде денсаулығымызды тексертуге мүмкіндік жасауы мені ойландырды. Осындай қарапайым халыққа тікелей әсері бар шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса, артық болмас еді, - дейді қала тұрғыны Базарбаева Айгүл.

Бұл күні жастардан қамқорлық көрген базар тұтынушылары "Жастар - Отанға" жобасы аясында құрылған кеңеc орталығына алғыстарын білдірді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: жас отан
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде