USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Мүгедек жандар кәсіп ашып, іс бастауға мүмкіндік алды

Мүгедек жандар кәсіп ашып, іс бастауға мүмкіндік алды

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Қазкоммерцбанк бірлесіп өткізіп жатқан «Жұлдыздарға қара» жобасының екінші кезеңіне қатысуға Шығыс Қазақстан облысынан 11 адам өз жобасын ұсынып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кәсіпкерлікпен айналысып келе жатқан немесе кәсіпкерлікпен шұғылдануға бел буған мүгедек жандарға қолдау көрсетуге бағытталған жобаға әсіресе, Семей қаласы, Абай, Зайсан аудандары белсене қатысып келеді. Тарбағатай, Көкпекті, Үржар, Катонқарағай, Күршім, Бесқарағай аудандарынан алғашқы кезеңде де қатысуға өтінім түспеген.

- Нан, тоқаш өнімдерін пісіріп, сатып, ұсақ мал ұстап, табыс көзіне айналдырып отырған, етік жөндеумен, тігіншілікпен, өзге де кәсіп түрлерімен айналысуды мақсат еткен мүмкіндігі шектеулі жандарға осы қайырымдылық жобасы аясында қайтарымсыз негізде беріліп жатқан 200 мың теңгенің өзі де үлкен демеу болып келеді. Біреулері бұл қаржыға шикізат сатып алса, енді біреулері тігін машинасын, нан пісіретін құрал-жабдықтар сатып алуда, - дейді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Шығыс Қазақстан облыстық филиалының менеджері зарина амангелдинова.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: мүгедек жандар
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде