USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қазақстандағы тұңғыш электромобиль Өскеменде шығарылады

Қазақстандағы тұңғыш электромобиль Өскеменде шығарылады

Өскемен қаласында жыл соңына қарай Қазақстандағы тұңғыш электромобиль шығарылатын болды. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінде айтылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталған ведомствоның мәліметінше, «Азия Авто» зауытынан пилоттық жоба ретінде 200 шақырымдық жүріс қоры бар заманауи электромобильдер шығарылады. Мұндай көліктерді электр энергиясының тұрмыстық көздерінен зарядтауға болады. Соның арқасында оларды елімізде тиісті инфрақұрылым қалыптаспай-ақ қолдануға мүмкіндік тумақ. Бүгінде итальяндық IVECO өндірушісімен келіссөздер жүріп жатыр.

- Автокөліктерді электрификациялау Астанадан басталады. EXPO-2017 қарсаңында «ҚазМұнайГаз» желісінде астаналық көліктерге электр тарту күші арқылы қызмет көрсететін сегізден кем емес станция пайда болады. Кейін осы жинақталған тәжірибе мен технология елдің өзге аймақтарына таралатын болады, - дейді министрлік өкілі Серік Рахымов.

Бұған қоса, сала мамандары республикада «жасыл көлік» индустриясын дамытуда экономикалық аспектінің маңызды екенін атап өтті.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде