USD 314.4
EUR 343.83
RUB 5.51
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жас Отандықтардың шешендік қасиеттерін арттыруда тренинг өтті

Жас Отандықтардың шешендік қасиеттерін арттыруда тренинг өтті

«Жас Отан» ЖҚ көшбасшылық қасиетті дамыту, от ауызды, орақ тілді ділмарлардың ізін жалғау және ұжымды басқару, уақытты тиімді пайдалану, келіссөздерді сәтті жүргізу тәрізді машықтарға жастарды баулу мақсатымен әр облыста үздік атанған тренерлердің жас отандықтарға және «Сәтті қадам» жобасының қатысушыларына шеберлік сыныптарын, тренингтер өткізуін қамтамасыз етті.

Сондай айтулы шараның бірі Шығыстың ордасы саналған өрелі Өскеменде өтті. «Нұр Отан» партиясы ШҚОФ ғимаратында Арман Хамитов тренингтер өткізді. Іс-шараның шымылдығын ашқан облыстық «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Бахыт Маржан «Сәтті қадам» жобасының қатысушыларына, жастар қанатында жемісті еңбек етіп, белсенділік танытып жүрген бірқатар ұл-қыздарға әр қадамы сәтті болсын деген тілекпен «Сәтті қадам» жобасының блокноттары мен қаламдарын сыйға тартты. Осыдан кейін қатысушылар тренинг жұмысына қызу кірісіп кетті.

Тренингтің бастапқы тақырыбы бүгінгі күннің өзекті мәселесіне арналды. Алғашында білек сыбана кіріскен істі жол ортадан қалдырып кету секілді жағдайлардың орын алуы ғажап емес. Ойға алғанымызды жүзеге асырып, нәтижесін көру үшін, бастысы, жігер, ынта және сол істен ләззат алу шарт екені айтылды. Қатысушыларды қызықтырған да, санасын сұрақ тербеп, мазалаған да тренингтің осы алғашқы бөлімі болды. Әр нәрсені табысты аяқтау үшін басты «құпияларға» қанық болған жас отандықтар мен «Сәтті қадам» жобасының қатысушылары тренингтің шешендік өнер, көпшілік алдындағы жүріс-тұрыс, сондай-ақ, уақытты тиімді пайдалану бағыттарына арналған бөлімдерін де болды. Сонымен қатар, «құлыптаулы есікті кілт ашады, кілт ашпаса, тіл ашады» - дегендей, аудиал, визуал, кинестетик, нейтрал типтес әр тұлғаға өз идеяңды жеткізе білу, әр тараптан келген әр адамды жұдырықтай жұмылған бір ұжымға айналдырудың тәсілдерін меңгерді.

Арман Хамитов:

«Бүгінгі таңы әрбір жас азамат өзінің бірқатар мүмкіндіктерін пайдалана білу керек, жасотандықтардың осындай трентигтерге қатысуы шешендік, өжеттілік, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырға мүмкіндік береді деген сенімдемін», - деп тренингті қорытындылады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: жас отан
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде