USD 314.4
EUR 343.83
RUB 5.51
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ақпараттық-насихаттау тобы еңбек ұжымдарымен кездесті

Ақпараттық-насихаттау тобы еңбек ұжымдарымен кездесті

Жақында ШҚО Бородулиха ауданының Жерновка ауылында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын насихаттау және түсіндіру бағытында Республикалық ақпараттық-насихаттау тобымен кездесу өткізілді.

АНТ мүшелерінің құрамында ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы Татьяна Андреевна Черненко, ШҚО ішкі саясат басқармасының әдістеме жұмысы бөлімінің басшысы Әлмира Төлегенқызы Жұмабаеватар болды. Кездесуге «Новошүлбі филиалы Семей орманы» МТОР РММ-ның және «Жерновское» ЖШС-нің ұжымдары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Т.А.Черненко Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихымен және қызметімен таныстырып, Қазақстан халқының татулығы туралы айтып өтті. А.Т.Жұмабаева Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауымен таныстырып, этникааралық және конфесияаралық жанжалды болдырмау туралы айтты. Бородулиха ауданының прокуроры Д.Б.Кенжебеков Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 164-бабымен таныстырды.

Ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері өсіп келе жатқан жастарды дұрыс бағытқа тәрбиелеуге, этникааралық және конфесияаралық жанжалдарды болдырмауға шақырды.

С.Әбілоқаысмұлы, М.Асылханов
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Танымал
Бүгін Апта Ай
Біз әлеуметтік желілерде