USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ертіс өзенінде медуза пайда болды

Ертіс өзенінде медуза пайда болды

Ертісте медуза пайда болды. Иә, кәдімгі теңізде өмір сүретін су жәндігі өзіміздің өзенде жүр. Денесі іркілдеген, түсі мөлдір медузадан аумайтын тіршілік иесін ең бірінші Октябрь су тоғанынан балықшылар байқапты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өскемен қаласы тұрғындары үшін бұл - тосын жаңалық. Өйткені, бұрын-соңды көрмеген теңіз жәндігі біздің өңірге қашан, қалай келгені белгісіз. Су бетінде қаптап жүрген медузаның қарасы күн санап көбейе түскен.

- Мен алғаш рет медузаны Ресейдің Владивосток қаласында әскери борышымды өтеп жүргенде көрдім. Одан бері, міне, он бес жылдан асты, қанша өзен жағалап жүргенімде кездестірмедім. Бұл бір таңғаларлық оқиға болды. Шамасы, олар жылы жаққа ығыстап бара жатса керек, - дейді балықшы Юрий Якушев.

Мамандардың айтуынша, әдетте медузалар теңіз суларын мекен етеді. Арктикадан бастап, тропикалық теңіздерде оның сан алуан түрі кездеседі. Бірақ олардың өзенде қалай және қашан пайда болғанын ешкім дөп басып айта алмауда.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: ертіс
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде