USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ауыл тұрғыны қолдан телескоп жасады

Ауыл тұрғыны қолдан телескоп жасады

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Қаратал ауылының тұрғыны Вениамин Шульгин қолдан телескоп жасап шығарды. Төл туындысымен ол аспан денелерін, оның ішінде айды тамашалайды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі

Қараталдық өнертапқыштың негізгі мамандығы - электрик. Ол ауыл мектебінде мамандығы бойынша жұмыс істейді. Телескопты қолы бос уақытта, ермек ретінде құрастырады екен. Бұған дейін Вениамин төрт телескоп жасап, ауылдастарына арзан бағаға сатыпты.

- Телескоппен айды бақылаймын. Айдың бетіндегі тауларды, кратерлерді тамашалаймын. Енді айкезбелерді көрсем деген арманым бар. Меніңше, ай жоғарыдағы күштердің адамдарға қамқор болсын деп жаратқан дүниесі, - дейді Вениамин Шульгин.

Ауыл тұрғыны бала кезінен электрик болуды армандапты және сол арманына қол жеткізіпті. Ал ғарышкерлікті меңгеру немесе аспан денелерін зерттеуші болу оның ойына да кірмеген.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде