USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Арт-технология тәсілдері талқыланды

Арт-технология тәсілдері талқыланды

Өскемен қаласы ШҚ Өнер мұражайында «Мүмкіндігі шектеулі балаларды бейімдеуде арт-технология тәсілдерін пайдалану» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар болып өтті. Семинарды Алматы қаласындағы «Менің қуанышым» балаларды дамыту орталығының директоры, жоғары санатты психолог, дефектолог, сурдопедагог, музыкант, мүмкіндігі шектеулі балаларды ортаға бейімдеудегі арттерапияның ролі жөніндегі бағдарламаның авторы Закирьянова Наталья Евгеньевна әзірледі.

Теориялық және нақты тәжірибелік бөлімдерге құрылған бұл семинар жұмысына Өскемен, Зырян, Шемонаиха қалаларының, Ахмер, Опытное поле, Меновное кенттерінің 35 мекемесінен 114 адам қатысты. Олардың қатарында балабақша, мектептер, арнаулы мекемелер, дамыту орталықтары, балалар үйлері, жетім балаларға арналған мектеп-интернаттардың, балалар мен жасөспірімдер кітапханасының, зағиптар кітапханасының, бірқатар мұражайлардың қызметкерлері мен мамандары бар.

Семинарда Н.Е.Закирьянова тыңдармандарға жүйкесі мен ерік-жігері зақымданған, есту, көру қабілеттері бұзылған, тірек- қозғалыс мүшелерінен мүгедек балалармен қарым-қатынас жасаудың ерекшеліктері мен өзгешеліктері туралы кеңінен әңгімелеп, жиналғандардың көптеген сауалдарына жауап берді. Оның музыка және ертегі терапиясы авторлық бағдарламасына мамандар ерекше қызығушылық танытты.

Сондай-ақ, жиналған қауым ШҚ өнер мұражайының мұражай педагогикасы секторының маманы, психолог И.Н. Шальневаның баяндамасын да зер сала тыңдады. Ол тыңдармандар назарына Шығыс Қазақстан өнер мұражайында 2015 жылғы қыркүйектен бастап іске асырыла бастайтын мұражайлық арттерапиялық «Өнер - денсаулыққа апарар жол» атты бағдарламасының жобасын ұсынды. Аптасына бір рет сабақ өткізілетін, екі жылға есептелген бұл бағдарлама балаларды бейнелеу өнері мен шығармашылыққа тарта отырып, олардың бойында ортаға әлеуметтік бейімделуге, өз қабілетін ашуға, тұлға ретінде дамуға ықпал ететіндей жағымды жағдайлар туғызуды мақсат етеді.

Семинардың қорытындысында 2015 жылы Н.Е.Закирьянованың авторлық бағдарламасы және арнаулы мекемелер мен бейімдеу орталықтары мамандарын оқыту бойынша ғылыми-тәжірибелік семинар өткізу жөнінде шешім қабылданды. Семинарға қатысушылардың барлығына ерекше үлгідегі сертификаттар табыс етілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде