USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Дарынды баланы қалай тануға болады?

Дарынды баланы қалай тануға болады?

Кез келген бала дарынды, тек оның көзін дер кезінде аша білу керек. Өскемен қаласында өткен «Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбына арналған облыстық семинарда осы мәселе жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға қалалық (аудандық) білім бөлімдерінің дарынды оқушылармен жұмысты үйлестіруші әдіскерлері, облыстағы мектептердің директорларының орынбасарлары қатысты. Семинар пікір-талас түрінде өтті.

Басқосуда бойында дарыны бар жеткіншектерді анықтау және оларға қолдау көрсету, ынталандыру бағытында жүргізілген жұмыстар сараланып, олардың тиімділігі сөз болды. Жиналғандарға Семей қаласы мен Аягөз ауданы білім бөлімдерінің, облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектепте қолға алынған жаңа білімдік жоба - IT мектептің озық іс-тәжірибелері көрсетілді. Семинарға қатысушылар қазіргі кезеңде дарындылықты анықтау мен жетілдіруде қолданылып жүрген әдіс-тәсілдердің өрісі кеңейгендігін баса айтты. Семинар қорытындысы бойынша облыстағы дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдары мен ұсыныстары талқыланып, резолюция қабылданды.

Жиын соңында 2013-2014 оқу жылы дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыруда үздік нәтижелерге жеткен ең үздік үйлестірушілер, білім бөлімдері мен мекемелері марапатталды.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде