USD 314.4
EUR 343.83
RUB 5.51
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Балалар стационары жөндеуден соң қайта ашылды

Балалар стационары жөндеуден соң қайта ашылды

Өскемен қаласындағы Потанин көшесінде орналасқан балалар стационары ұзақ мерзімді жөндеуден кейін қайта ашылды. Медицина мекемесі енді толықтай Шығыс Қазақстан облыстық ана мен бала орталығының құзырына берілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Осыдан бір жыл бұрын ғана стационар ғимараты апаттық жағдайда болған. сапалы жүргізілген құрылыс жұмыстарының арқасында бұл нысанның іші-сырты тұтас заманға сай жөнделді.

- Барлық құбырлары ауыстырылып, су тартылды. Жаңа сантехника орнатылды. Рентгенология мен УДЗ стационар бөлімінің дәл іргесінде тұр. Бұрын балаларды тексеру үшін ЖМК шағын ауданына апаратын. енді көрші ғимаратқа барып, тиісті тексерулер жүргізе алады. бөлмелер жаңа медициналық қондырғылармен жабдықталған, - дейді Шығыс Қазақстан облыстық ана мен бала орталығының директоры Рая Рахимова.

Педиатрия бөлімінде ең кішкентай бүлдіршіндерге арналған палата бар. Жайлы жағдай жасалған бұл палатада үш жасқа дейінгі ата-анасы бас тартқан балалар орналастырылады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде