USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Қамқорлық» акциясы өтуде

«Қамқорлық» акциясы өтуде«Қайырымдылық» айы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасы бойынша «Қамқорлық» акциясы өтуде.

Тағдырдың тәлкегіне ұшыраған жандар ШҚО аудандарындағы жергілікті билік тарапынан назардан тыс қалмауда. Соның айғағы Бородулиха ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұжымы Бесқарағайлық мүгедектерге және қарт азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша аумақтық орталығы мекемесінде болып, аудан әкімі Нұрлан Батташұлы Сыдықовтан эстафета қабылдап алуға барды.

Аудан әкімі Нұрлан Батташұлы Бородулиха ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы директорының м.а. Д.А.Асаубаевқа эстафетаны тапсырды. Енді Бородулиха ауданы өз кезегінде Курчатов қаласының өкілдеріне эстафетаны тапсыратын болады.

Мерекелік іс-шара аяқталысымен ШҚО Бесқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Ж.Баталов және аумақтық орталықтың директоры Г.М.Байкадамова ауылдық округтің қызмет алушыларына естелік сыйлықтар табыс етті.

Серік Әбілқасымұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде