USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Көліктің «қымбат» нөмірлері сатылымға қашан шығады?

Көліктің «қымбат» нөмірлері сатылымға қашан шығады?

Ағымдағы жылдың қараша айынан бастап Шығыс Қазақстан облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасынан жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін сатып алуға болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қазанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енеді. Аталған заңға сәйкес автокөлікке берілетін 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірлері үшiн айлық есептік көрсеткіштен 13 700 пайыз, ал 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлері үшiн 22 800 пайыз мөлшерінде мемлекеттік баж белгіленген.

Демек, аталған тіркеу нөмірлерінің ақшалай баламасы сәйкесінше 253 мың 724 теңге мен 422 мың 256 теңгені құрайды деген сөз.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: автомобиль нөмірі
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде