USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Семей мен Минск бірлесіп жаңа техника түрін шығармақ

Семей мен Минск бірлесіп жаңа техника түрін шығармақ

Былтырдан бастап Минск автокөлік зауытымен ынтымақтастық байланыс орнатқан «Семей машина құрастыру зауыты» АҚ келер жылы кәсіпорында беларустық әріптестерінің көмегімен «МАЗ» автотехникаларын құрастыратын жаңа өндіріс түрін ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Құны 1,5 млрд. теңге болатын инвестициялық жобаны зауыттың өзі құрамына кіретін «Қазақстан инжениринг ҰК» АҚ қаржыландырмақ. Кәсіпорынның бас директоры Нұрлан Омаровтың айтуынша, қазір зауытта заманауи жаңа құрал-жабдықтарды орналастыратын өндіріс алаңдары дайындалып жатыр.

2013 жылы Минскідегі автокөлік зауытымен бірлесе отырып «МАЗ» маркілі автокөліктерінің тіркемелерін шығаруға кіріскен семейлік зауыт бүгінде олармен өзара байланыстарын екі бағытта жалғастыруда. Біріншісі - «МАЗ», «КамАЗ», басқа да ауыр жүк көліктерінің тіркемелерін шығару болса, екінші бағыт - алдағы жылы жаңадан ашылатын өндірісте - «МАЗ» маркілерінің әскери түрлерін, жүкті өздігінен төгетін машиналарды құрастыру.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде