USD 314.79
EUR 337.96
RUB 5.59
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Бес жаңа кәсіпорын Өскеменде пайда болады

Бес жаңа кәсіпорын Өскеменде пайда болады

Инвесторлар Шығыс Қазақстан облысы орталығында жүкті өздігінен түсіретін көліктер (самосвал) мен бұрғылау қондырғыларын, сондай-ақ, қағаз бұйымдары мен құрылыс материалдарын шығармаққа бел буып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жаңа кәсіпорындар Өскемен қаласының индустриялды аймағының бірі - Машина жасаушылар көшесінде орналасатын болады. Осындай ұзақ мерзімді жоспарлар жайында «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жергілікті филиалының мамандары мәлімдеді.

Жалпы, Өскеменде индустриялды жобаларды дамыту мақсатында 2007 жылы Ертістің оң және сол жағалауында екі индустриялды аймақ пайда болған-ды. Ол жерлерге қажетті коммуникациялар тартылып, көліктік жол түйіні салынған. Осындай игілікті істерді атқарып келе жатқан корпорация биыл әртүрлі бағыттағы бірнеше кәсіпорынмен келісімге отыруға қол жеткізді.

- 17 қыркүйекте чехиялық инвесторлармен өзара келісе отырып, базальттық жылытқыш шығаратын жаңа зауыттың іргетасы қаланды, - дейді корпорация өкілдері. - Жалпы құны 25 млн. АҚШ долларын құрайтын зауыт толықтай іске қосылғанда 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Бұдан басқа, оның маңайында тау-кен машиналары мен жабдықтарын және ағаш брикеттер шығаратын зауыттар, тұрмыстық-шаруашылық және санитарлық-гигиеналық қажеттіліктерге арналған қағаз шығаратын фабрика, сондайақ, құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорын орын теппек. Бұл өндіріс орындары осы жылдың соңы мен келесі жылы іске қосылады деп күтілуде.

Нұржан Кенжеұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: кәсіпорын
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде