USD 314.83
EUR 341.87
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

PR технологияның маңыздылығын түсіндірді

PR технологияның маңыздылығын түсіндірді

Өскемен қаласында екі күн қатарынан мемлекеттік саладағы PR технологиясы бойынша тренинг өтті. PR технологиясы мен мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында өткен тренингке Шығыс Қазақстан облыстық басқармалар мен департамент қызметкерлері, аудандардан келген ішкі саясат бөлімінің мамандары мен газет тілшілері қатысты.

Семинар-тренингте мемлекеттік бағдарламаларды насихаттауды, PR технологиясының бес принципін үйренді. Бүгінгі таңда PR технологиясын жетік меңгерген, бұқара халыққа қандай да ақпаратты түсінікті етіп жеткізетін сауатты, білімді мамандар әрбір қалаға, әр ауылға қажет. Бұл дегеніміз еліміздегі тұрақтылықты сақтаудың бірден-бір мүмкіндігі деседі мамандар.

- Екі күн қатарынан өтіп жатқан тренингтен үйренгенім көп. Әртүрлі тапсырмаларды орындадық. PR технологиясы туралы көптеген мәліметтер алдым, - дейді Глубокое аудандық «Ақ бұлақ» газетінің тілшісі Гүлнара Мусина.

Мерей Қайнарұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде