...
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Қарамай-Аягөз теміржол құрылысының аяқталар уақыты алыс емес

Қарамай-Аягөз теміржол құрылысының аяқталар уақыты алыс емес

ШҚО Аягөз қаласына Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономды районы Тарбағатай аймақтық округі партия комитетінің бірінші хатшысы Жаң Бо бастаған делегация келіп қайтты.

Аудандық әкімдік ғимаратында өткен екіжақты кездесуде бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Аудан әкімі Нұрбол Нұрғалиев мәртебелі меймандарды өңірдің әлеуметтікэкономикалық жағдайымен таныстырып, екі аймақ арасындағы қарым-қатынастың неғұрлым тиімді тұстарына тоқталды. Кездесуде Қазақстан мен Қытай елдері арасында жанданып келетін сауда-экономикалық, мәдени байланыстардың өміршеңдігіне баса назар аударылды. Екі елді жалғайтын Қарамай-Аягөз теміржолы тек Қазақстан мен Қытайға ғана емес, сондай-ақ, Ресей, оңтүстік-шығыс Азия және Еуропа елдері үшін аса маңызды болатыны айтылды.

Айта кетерлік жәйт, Қытай елі аталмыш теміржол құрылысын әлдеқашан бастап кетіпті. Қарамай қаласынан бастау алатын теміржолдың құрылысы қазір Қазақстанның шығыс қақпасына таяп қалған көрінеді.

Берікхан Тайжігіт
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде