USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жалғыз жігіт бір көшені өрттен құтқарды

Жалғыз жігіт бір көшені өрттен құтқарды

Бұл қатерлі оқиға қыркүйек айының жаймашуақ күндерінің бірінде Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Маралды ауылының Қараөткел көшесінде орын алған. Ескі баллоннан шыққан газдың соңы өртке ұласқан.

Лап етіп тұтанған оттан екі беті бірдей күйген үй иесі Съезбек Жапаров есі шыққан күйі далаға қашып шығады. Бұрқырап өртене бастаған ағаш үйде жасы сексенді алқымдаған, өздігінен жүре алмайтын қарт әже қалып қойған болатын. Дәл осы мезетте ауыл тұрғыны Нұрбол Бексолтанов тіркемелі тракторымен көрші үйге шөп әкеліп жатқан. Жағдайды тез бағамдаған ширақ азамат көп ойланып тұрмастан көмекке ұмтылады. Өз өміріне төнген қатерге қарамастан үйге жүгіріп кірген Нұрбол алдымен түтінге тұншыға бастаған кейуананы көтеріп алып, арбасына отырғызады да, шапшаң итерген күйі сыртқа алып шығады. Одан соң өртеніп жатқан бөлменің терезесін сындырып, әлі от шашып тұрған баллонды ұзын сүйменмен іліп алып, есік алдындағы суға тастайды. Жалын шашқан баллон пышылдап сөне қоймаған соң редукторды ломмен ұрып қағып тастап, қалғанын судың тереңдеу жеріне батырып өшіреді.

Сөйтіп, жүректі жігіт қатарласа тізілген, іргесіне тау-тау шөп үйілген қарағай үйлерде тұратын бір көшенің тұрғындарын үлкен қатерден сақтап қалды.

Хасен Зәкәрия
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: өрт
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде