USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Семейлік спортшы қыз Азия чемпионатында алтын медаль алды

Семейлік спортшы қыз Азия чемпионатында алтын медаль алды

Малайзияда өткен шинкиокушинкай-каратэ чемпионатында семейлік Екатерина Гурова бірінші орынды жеңіп алды. Екатерина спорттың осы түрімен айналысқанына 10 жыл болған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

19 жасар спортшы қыздың жетістіктері өте көп. Жақында ғана Венгриядан Әлем кубогіне қатысып, қолаға ие болып қайтты. Сондай-ақ Азия біріншілігінде екінші орын алған. Енді міне, Куала-лумпурде 65 кило салмақ дәрежесінде алтын иеленді.

- Малайзияда үш рет сынға шақтым, - дейді Екатерина Гурова. - Біріншісінде қарсыласым Ирандық қыз болды, екінішісінде Шри-Ланкалық, үшіншісінде Австралиялық қызбен жекпе-жекке шықтым. Ақтық сын өте ауыр болды. Бұл чемпионатқа 24 еден 154 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы бес алтынды жеңіп алып, командалық есепте бірінші орынға көтерілді.

Бұл төрт жылда бір рет өтетін чемпионат, алдағы уақытта Токиода өтпекші. Енді Екатерина әлем чемпионатын бағындыруды алға мақсат етіп қойып отыр.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде