USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскемен қаласының көшелерін жөндеуге 1 млрд теңгедей қаржы бөлініпті

Өскемен қаласының көшелерін жөндеуге 1 млрд теңгедей қаржы бөлініпті

Биыл Шығыс Қазақстан облысы орталығының көшелерін жөндеуге Өскемен қаласы әкімдігінен бір миллиард теңгеге жуық қаржы бөлініпті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жалпы ұзындығы 12 шақырымды құрайтын жолдарды қалпына келтіруге 850 миллион теңге жұмсалған. Бұл соманың 106 миллион теңгесі аулаішілік және кварталаралық жолдарды жөндеуге бағытталған көрінеді. Сонымен қатар, шұңқырларды бітеу жұмыстары да назардан тыс қалмаған. Аталмыш мақсатқа 41 миллион теңгенің қаржысы бөлініп, қазірге дейін 45 көшенің бойындағы ойықтар мен шұңқырлар бітелген.

- Жолдарды жөндеуге қажетті барлық құрылыс материалы мен құрылғының арнайы сертификаттары бар. Жұмыс сапасы мен онда қолданылатын технологияларға орай арнайы мамандармен күнделікті бақылау жүргізіліп келеді, - дейді қала әкімі Темірбек Қасымжанов. - Жалпы, орта деңгейлі жөндеу жұмыстарының кепілді мерзімі үш жылды құрайды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: жол жөндеу
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде