USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ардагерлерге ақ дастарқан жайылды

Ардагерлерге ақ дастарқан жайылды

1 қазан - Халықаралық қарттар күні. Бұл мереке Шығыс Қазақстан облысында кеңінен аталып өтті. Кеше облыстық әкімдіктің асханасында жайылған мерекелік дастарқанға жиналған егде жандарды ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев құттықтады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

- Әрине, бұл мерекенің біз үшін маңызы ерекше. Бірақ қарттарымызды мәпелеп, алақанымызға салып аялау үшін бір күн жеткіліксіз. Біз сіздерді тек мереке күндері ғана емес, ұдайы назарымызда ұстауымыз керек. Өйткені, қазыналы қарттардың ақыл-кеңестері мен өмірлік іс-тәжірибелері - кейінгі жас ұрпақ үшін баға жетпес байлық. Бүгінгідей қиын жағдайда мемлекетіміздегі тыныштық пен бейбітшіліктің сақталуына қарттарымыздың қосып отырған үлесі зор. Бұл - алдыңғы буын ағалардың мерекесі. Бұл - біздің ата-аналарымыздың мерекесі, - деген облыс әкімінің бірінші орынбасары аймақ басшылығы атынан мерекелік дастарқанға жиналған барша қарияларға денсаулық пен жақсылық тіледі.

Жалпы, осынау мерекенің тарихы 1990 жылдан бастау алатын көрінеді. Сол жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қазанның 1-ін Халықаралық қарттар күні деп бекіткен. Алғашында Еуропада, кейін Америкада тойланған мерекені қазір бүкіл әлем атап өтеді.

Мерекелік дастарқанға жиналған қарияларды Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Геннадий Бердюгин де құттықтады.

Мереке соңы «Қарттарым-асыл қазынам» атты концертке ұласты.

Мейрамтай Иманғали
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: қарттар күні
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде