USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Алтын домбыра» Семейлік әншіге бұйырды

«Алтын домбыра» Семейлік әншіге бұйырды

Кербез Көкше топырағында дүниеге келіп, қазақ өнерінің жарық жұлдызына айналған белгілі сал-серілер - Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Иманжүсіп Құтпанұлы, Балуан Шолақ сынды ұлы әнші-композитор, ақындардың асқақ шығармаларын кеңінен дәріптеп, халқымыздың төл өнерінің бірі - дәстүрлі әншілікті жаңғырту әрі осы киелі мұраны кеңінен насихаттау мақсатында Көкшетау қаласында әншілер байқауы өткен-ді.

Ақмола облысының мәдениет басқармасы ұйымдастырған Балуан Шолақтың 150 жылдығы мен Біржан салдың 180 жылдығына арналған дәстүрлі әншілер байқауына Шығыс Қазақстан облысының аманатын арқалап, Әміре Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филармониясының әншісі Бақытжан Түктібаев қатысқан болатын. Әнші бұл байқауда Біржан салдың «Бурылтай», Балуан Шолақтың «Дүние», Әсеттің «Қара көз» атты әндерін нақышына келтіріп орындапты. Сөйтіп, 40 үміткердің арасынан топ жарып, «Алтын домбыра» иегері атанып, лауреат атағын жеңіп алды. Әріптестері осындай үлкен табысқа қол жеткізген Бауыржан Түктібаевтың болашағынан зор үміт күтетіндіктерін айтады.

- Өнер әлеміне қадам басқан әншінің алғашқы басқышы дұрыс болуы тиіс. Әншіге берілген тәлім-тәрбиелердің ішінде өнерпаздың дауысын тәрбиелеуді бірінші кезекке қоямын. Әншілік өнерді қалыптастырып, берілген бағыт-бағдарды дұрыс меңгеріп, оны әрі қарай табиғат берген өнерімен ұштастыра алған әнші сахнада еркін самғай алады, - дейді Семейдегі Ә.Қашаубаев атындағы филармонияның басшысы Адай Азаматов.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: домбыра
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде