USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жезкенттік бүлдіршін топ жарды

Тілдік ахуалдың тізгіні ресми тілді меңгергендердің қолынан сусып бара жатқанын Белағаш жеріндегі қазақ тілінің салтанат құруынан аңғарамыз.

Жезкенттік бүлдіршін топ жардыБородулихадағы «Бүлдіршін полиглоттар» атты аудандық конкурстың «Светлячок» балабақшасында өтізілгені тілдік таразының безбені қай тілдің пайдасына ауып тұрғандығын байқатады. Осы безбенді ана тіліміздің пайдасына бұру үшін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мектепке дейінгі жастағы балалардың арасында өткізіп тұратын тұрақты да жүйелі шаралары баршылық.

Осы жолғы байқаудың мақсаты мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленушілерге тілдерді үйретудің жағдайын зерделеу болып табылады. Қазақ тілінде білім беретін шағын орталықтар мен мектеп алды даярлық сыныптарынан байқау шарты бойынша іріктеліп алынған бүлдіршіндер үш кезең бойынша өз біліктіктерін таныта алды. Сайыстың аты сайыс жеңістің тұғыры - біреу. Осы биік сатыға Жезкент кентінен келген 5 жастағы Берік Бексұлтан көтеріле білді.

Конкурсқа Бородулиха ауылындағы «Светлячок» балабақшасынан 3 бала, Қазақ ОМ мектеп алды даярлық сыныбынан 4 бала, Жезкент кентінен 1 бала, Жерновка ауылынан 1 бала және Новопокровка ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектептегі шағын орталықтан 2 бала қатысты.

Жезкенттік бүлдіршін топ жардыОсы үкілеген 11 үміт өздерінің барша таланаттарын жарқырата таныта білді. «Мен - бақытты баламын» атты бірінші кезеңде Берік Бексұлтан үздік болды. Екінші «Өнерлі балапан» кезеңінде қатысушылар әртістік өнерлерін және өздерін сахнада қалай ұстайтындықтарын көрсетіп, Оразаева Айдана мен Елубай Диляра «Әнші балапан» және «Өнерлі бала» номинациялары бойынша үздік болды, соның ішінде Елубай Диляра өзінің бишілік және шпагатқа отыру шеберлігімен ерекешеленіп көзге түсті; Шнайдер Елтай қатысушылардың арасынан өзінің білімімен ғана емес, бишілік шеберлігімен және спорттық айланбасымен ерекшеленді; Ең кішкентай қатысушы Мұхтархан Айша өзінің сүйкімділігімен қоса, «Бұл кім, ол не?» кезеңіндегі логикалық жауаптарымен көрермендердің ықыласына бөленді. Үшінші кезең «Бұл кім, ол не?» бойынша берілген тапсырмалар қызық және тартымды болғандықтан балдырғандар үшін өте қызықты өтті.

Біз әңгімелесекен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Маркисиян Байдрахманқызы: қазіргі замандағы Қазақ қоғамында отбасының мәртебесін және рөлін арттыруда басқа тілді баласына үйретуге ең бірінші жауапты ата-анасы болса, оны баланың қалай игеруі мен қалай меңгерулерінің өзекті проблемалық мәселелерін шешуде мектеп, мұғалімдер ата-аналарға жан-жақты көмек көрсетуге тиіс. Осы көмектің ата-ана мен балаға қалай беріліп жатқанын осы сайыс дәлелдей түсті,-деп тұщымды жауап берді.

Байқауға қатысушылардың барлығына мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Маркисиян Асавбаева грамоталар мен естелік сыйлықтарын табыс етті.

Серік Әбілқасымұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде