USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Әлем чемпионатынан жүлделі оралды

Әлем чемпионатынан жүлделі оралды

Жуықта Литваның Вильнюс қаласында армрестлингтен жасөспірімдер мен ересектер арасында Әлем чемпионаты өтті. Бұл жарысқа Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Привольный ауылынан үш бойжеткен қатысып, қуанарлық нәтижемен оралды.

Жарыс нәтижесінде Алина Белан есімді қызымыз сол қолымен күресіп, алтын медальға, оң қолымен күресіп, күміс медальға ие болды. Ал Инабат Кубетаева қола медальды қанжығасына байлады. Ақбота Амангелдиева да осы жарысқа қатысты.

Жеңімпаздарды Ұлан ауданының Привольный орта мектебінің оқушылары, тұрғындары, мұғалімдері шашу шашып, қошеметпен қарсы алды.

Ұлан ауданы әкімі Б.Байахметов жеңімпаздарды құттықтап, осы әлемдік жарысқа қатысуға демеушілік көрсеткен жеке кәсіпкер С.Кучеринге және «Багратион» шаруа қожалығының басшысы А.Воропайға алғысын білдірді. Еліміздің қол күресі және гір спорты федерациясының құрметті президенті М.Ағзамов бастаған азаматтар құттықтау сөздерін айтып, алдағы уақытта да ерінбей еңбек етіп, спорт тұғырының биігінен көріне берулеріне тілектерін білдірді. Аудан әкімі жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етті. Жеңімпаз қыздардың бапкері Ерлан Уалидің де еңбегі ескерусіз қалған жоқ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: ұлан ауданы
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде