USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Семей тері-былғары комбинаты толық күшіне енбек

Семей тері-былғары комбинаты толық күшіне енбек

«Семей тері-былғары комбинаты» ЖШС келесі жылдың басынан толық күшіне еніп, жыл сайын 450 мың ірі қара малының терісін өңдемекке бекініп отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталған кәсіпорын банк құрылымдарымен болған көптеген қиындықтарды шешіп, ендігі жерде өндіріс процесіне толыққанды кірісуге мүмкіндік алды.

- Біз 2015 жылдың қаңтарынан толық жобалық қуатпен жұмыс істеп, тәулігіне 34 мың тонна ірі қара малының терісін өңдеуге кіріспекпіз, - дейді серіктестік директоры Жұмағазы Рақымғалиев.

Толығымен экспортқа негізделген комбинат өнімдеріне Италия, Үндістан және Қытай мемлекеттері ерекше қызығушылық танытып отыр. Қазір аталған елдердегі әріптестермен және шикізатты тасымалдаушылармен ұзақ мерзімді келісімшарт жасалып та қойған. Енді біраз уақыттан соң комбинат облыс аумағынан жылқы мен қойдың терілерін сатып алуды бастамақ. Ең бастысы, онда бірнеше мың адам жұмыспен қамтылатын болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
1 комментарий
  1. Назарбаева Лазат
    Мен, осындай тері өңдейтін комбинат ашқым келеді. Бұл құрылғыларды қайдан әкелгендігі, жасалуы, пайдалануы туралы толық мағлұмат берсеңіздер. Осындай комбинат Қазақстан бойынша ашылып, жұмыс жасап отырғанына өте қуаныштымын. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін.
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде