USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Екі жасар бүлдіршін 6 тонна шөпті өртеп жіберді

Екі жасар бүлдіршін 6 тонна шөпті өртеп жіберді

Екі жасар бала жаз бойы жиған пішенді өртеп жіберді. ШҚО Катонқарағай ауданындағы Топқайың ауылының тұрғыны кішкене бүлдіршіннің абайсыздығынан тілсіз жаудың зардабын тартып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аулада ойнап жүрген кішкентай балаларына бас-көз бола алмай қалған үй иелері оттың қайдан келгенін артынан білген. Сіріңке жағып ойнаған 2 жасар бала жаз бойғы есіл еңбекті зая етті.

Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жеке аулада 6 тоннадан астам қысқы мал азығы тұрған. Оқиға 21 қыркүйек күні орын алған.

ТЖД баспасөз қызметінің айтуынша, өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Шөпке от қойған - үй иесінің 2 жастағы немересі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде