USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жаңа сауда кешені

Жаңа сауда кешені

Кәсіпкерлік нысандар санының өсуі ел экономикасының ілгерлеруіне оңды әсер етумен қатар, жергілікті бюджет түсімінің ұлғаюына да ықпал етеді. Осыны ШҚО Бородулиха ауданының әкімі Григорий Акулов үнемі басты назарда ұстайды. Аудан әкімшілігі жыл сайын шағын және орта бизнес қарқынды дамытуды жақсы жолға қойып келеді.

Жуырда Бородулиха ауданындағы «Родина» ШҚ басшысы А.А. Майердің Семей қаласындағы сауда кешенінің ашылуына ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев, Семей қаласының әкімі Айбек Каримовтар қатысты. Бұл сауда орнының бородулихалықтар мен қалалықтар үшін екі жақты пайдасы бар. Бір шетінен шағын және орта бизнес өкілдері өз өнімдерін халыққа делдалсыз өздері саудаласа, ал, қалалықтар арасында үлкен сұранымға ие экологиялық таза, шаруа қожалықтарының шығарған ет, нан-тоқаш өнімдері, сары май, қаймақ, шекілдеуік майы, бал, тартылған ет, шұжық түрлері, сүт және ұн өнімдерін саудаға шығарылып, оны жұртшылық арзан бағамен сатып алады.

«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдаудың бүгінгі таңдағы жасампаз істерінің куәсі болып отырмыз.

Серік Әбілқасымұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде