USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ырғызбай әулиенің кесенесі қайта жаңғырды

Ырғызбай әулиенің кесенесі қайта жаңғырды

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы Күмісбастаудан орын тепкен Ырғызбай әулиенің кесенесі XVIII ғасырдағы тарихи ескерткіштер қатарына жатады.

Бүгінде Ырғызбай әулие атамыздың басы мәдени-рухани орталыққа айналды. Осында салынған мешіт, кітапхана, мұражай, 50 орындық қонақ үй зиярат етуге, ем іздеп келушілердің қасиетті орнына айналған.

Жыл санап Тарбағатай өңіріне келушілердің де саны арта түсуде. Бұрын мұнда келушілер көне мазардың жай-күйіне көңілдері толмайтындарын айтып жүретін.

Ырғызбай әулиенің кесенесін жаңғыртуды қолына алған осы өңірдің азаматы Бәделхан Камалханұлы баянауылдың табиғи қызыл тасынан қайта өріп, мазарды адам танымастай етіп жаңғыртты. Сапалы тас енді он ғасыр тұрса да, бүлінбейтін көрінеді.

Азаматтардың ендігі мақсаты - келешекте Ырғызбай мазарын ірі мәдени-рухани кешенге айналдырып, оған тарихи-ескерткіш мәртебесін беру. Осы мақсатта қазір жүйелі жұмыстар жүргізіліп, ғасырлар куәгері болып тұрған киелі орын қайта жаңғыртылды.

Қадырбек Кәкімұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
1 комментарий
  1. Ғазиз
    Ырғызбай әулие атамыздың кесенесін жаңғыртып, қайта өңдеу өте дұрыс болған. Ондаған мың адамға шипа болған Қасиетті атаның аруағы риза болатын болды. Жанына ем, дауа іздегендер, бала сүюді армандағандар осы Ата басынан риза болып атанып жатады. Алланың құдіретімен Ырғызбай әулие шапағаты бүгінгі ұрпақтарына тиіп жатыр. Іс сауапты болсын!...
Біз әлеуметтік желілерде