USD 315.55
EUR 338.93
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

«Жан серігім - гитара» атты ІІ республикалық фестиваль Өскеменде өтті

«Жан серігім - гитара» атты ІІ республикалық фестиваль Өскеменде өтті

Өскемен қаласында «Жан серігім - гитара» атты ІІ республикалық фестиваль болып өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шараны жұртшылықпен бірге Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар да тамашалады. Фестивальға Ержан Белғозиев, Гүлмира Ақүрпекова, Қадырғали Көбентай, Ербол Әбен, «Байжан» тобы секілді өнерпаздармен қатар алексей Порядин, Дмитрий шмаков, Руслан баснукаев, Халық Хамит секілді жергілікті виртуоздар, «Beetle Juice» тобы және шығысқазақстандық гитара шеберлері қатысты. Фестивальда классикалық шығармалар ғана емес, халық әндері мен авторлық әндер орындалды. Қытайдан келген гитаристер қазақтың халық әнін құйқылжыта орындап, тыңдарман қауымның қошеметіне бөленді.

- Біз гитараның табиғи, жанды үнін насихаттаймыз. Фестивальдың мақсаты да - осы. Осындай жанды дауыста гитарамен ән салатын орындаушылардың қатарын көбейту керек, - дейді облыстық филармонияның директоры Бекболат Кажиков.

Павлодар қаласынан келген Руслан Мерғалиев испан әуенімен көрермендердің ерекше есінде қалды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде