USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Бірде-бір ардагер ескерусіз қалмайды

Бірде-бір ардагер ескерусіз қалмайды

ШҚО Бородулиха ауданының ауылдық округ әкімдері Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысына қатысушы көзі тірі ардагерлердің және Белағаштан шыққан 9 КСРО батырларының өмірі мен жанқиярлық ерліктерін насихаттау мақсатында әрбір айды өңірімізден шыққан батырлардың есімімен сабақтастырып іс-шаралар өткізуді қолға алып отыр.

Николай Фатеевич ВлезковНиколай Фатеевич ВлезковОсы істің бастауында Бородулиха және Новопокровка ауылдарында тұратын қос соғыс ардагері Николай Фатеевич Влезков пен Александр Кузьмич Зубцовтар қыркүйек айында өздерінің 90 жасқа толған мерейтойларын атап өтті. Қос ауылдық округтің әкімдері К.Бичуинов пен Т. Жаймухамедовтер ардагерлердің үйлерінде болып, қарт майдангерлерді құттықтап, аудан әкімінің арнайы тарту-таралғыларын табыс етті.

Аудан әкімнің орынбасары Рыскүл Атаева бұдан былай, түрлі басқосулардың ұйымдастырылып, олардың түрлі тақырып пен форматта өткізіліп тұратынын айтты. Одан әрі ардагерлерге деген құрмет пен қамқорлықтың мұнымен шектелмейтінін, олардың баспана мен денсаулық жағдайларын жақсартуына, қолдан келіп жатса, тарихи қалалар мен орындарда болуына, әлеуметтік көмектермен қамтылуына мүмкіндіктер туғызылатынын, бұған демеушілер тартылатынын мәлімдеді.

Серік Әбілқасымұлы
Сурет автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде