USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Дзюдодан Талғат Ақтаевты еске түсіруге арналған халықаралық турнир болып өтт

Дзюдодан Талғат Ақтаевты еске түсіруге арналған халықаралық турнир болып өтт

Өскемен қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында X халықаралық турнир болып өтті. Жекпе-жек сарайында басталған дүбірлі дода аталған спорт түрінен әлем чемпионы, КСРО чемпионаттарының жеңімпазы, жерлесіміз Талғат Ақтаевты еске алуға арналды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Халықаралық деп аты айтып тұрғандай, бұл турнирде еліміздің әр өңірінен жиналған спортшылардан бөлек, Ресей мен Өзбекстаннан кіл мықтылар бақтарын сынады. Олардың жалпы саны екі жүзден асып жығылады. Жас шамалары - 23 жасқа дейін.

Әлемдік деңгейдегі жарыстардың барлық талаптары мен стандарттарына жауап бере алатын Жекпе-жек сарайында болған спорт мерекесінің ашылу салтанатында сөз тізгінін алған облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Дөңбаев: - Өскеменде үлкен мереке. Даңқты жерлесіміз, дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Талғат Ақтаевты еске алуға арналған турнир ашылуда. Бұл турнир дәстүрлі түрде үзбей өткізіліп келе жатқандықтан, қатысушылардың да қатары жылдан-жылға көбейіп, деңгейлері жоғарылай түсуде. Биылғы бәсеке де әдеттегідей аса тартысты жағдайда, төрешілердің әділ төрелік етуімен өтеді деген сенімдемін. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін, - деп құттықтады.

Салтанатты жиын барысында еліміздің дзюдо федерациясының атқарушы директоры Самат Жылқыбаев аты аңызға айналған жерлесіміз Талғат Ақтаевтың алғашқы бапкері Жанәділ Атаевқа және марқұмның көзі тірісінде бірге күрескен серіктеріне отандық спорттың дамуына қосқан үлестері үшін естелік медальдар табыс етті.

Байрақты бәсекенің ресми бөлігі аяқталысымен-ақ, алдыңғы іріктеу сындардан іркілмей өткен ба луандар татамиге шығып, жартылай финал мен финалдық белдесулерді бастап кетті.

Айта кетейік, жыл сайын облыс орталығын дүбірге бөлейтін турнирді әкелерінің жолын қуып, спортты серік еткен ұлдары Рүстем мен Руслан Ақтаевтар ұйымдастырып, қаржылай демеушілік көрсетіп келеді. Сондай-ақ, білікті жаттықтырушы Рустам Закарьяновтың да бұл игілікті істің жоғары деңгейде жүзеге асырылуына қосып жүрген үлесі зор.

Серік Әбілхан
Суретті түсірген Ғылымбек Сәбитов
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде