USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Ұлы Жеңіс мерекесін ерекше атап өтпек

Ұлы Жеңіс мерекесін ерекше атап өтпек

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Зырян қаласының жастары «Туған көздер» атты акцияны қолға алуда, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, қала жастары зыряндық ардагерлерге өзге өңірлерде және шет елдерде тұратын туыстарымен байланысқа шығуға көмектеседі. Қаланың интернет-кафелерінен ғаламтор арқылы байланысқа шығу мүмкіндіктері де қарастырылып отыр.

Акция аясында әскери даңқ күндерін өткізіп, полктас майдангерлердің дәстүрлі кездесулерін ұйымдастыру да жоспарланған. Бүгінде «Жеңіс тұлғалары» деген атпен өткізілетін фотосуреттер көрмесіне мұрағаттардан фотосуреттер іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Алдағы уақытта қаланың қоғамдық көліктерінде еріктілердің және жастар орталығының мамандарының ұйымдастыруымен «Құрметтейміз, есте сақтаймыз, мақтан етеміз» атты акция да өткізілмек.

Нұржан Кенжеұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: жеңіс куні
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде