USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Президент мұрағатының деректі көрмесі ашылды

Президент мұрағатының деректі көрмесі ашылды

Президент мұрағатының ұйымдастыруымен Семей қаласындағы Шәкерім атындағы мемлекеттік университетте «Нұрсұлтан Назарбаев - ядролық қарусыз әлемнің көшбасшысы» атты деректі көрме ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Көрмеде Президенттің ядролық қарусыздануға орай атқарған жұмыстарына байланысты көптеген құжаттар қойылған. Атап айтқанда, көрермендер бірнеше бөлімге бөлінген экспозициядан Елбасының полигонды жабу туралы Жарлығын, «Невада-Семей» қозғылысы мүшелерінің естелік суреттерін және өте құпия болып келген құжаттармен танысты. Мұнда Лаврентий Берияның ядролық полигонды құру туралы Сталинге жазған хаттары да бар. Хаттың бірі 1949 жылдың 30 тамызында жазылыпты.

- Хаттардың, құжаттардың көбі Семей облыстық партия комитеті, облыстық атқару комитетінің қорында сақталған, - деді көрмені таныстыру барысында Президент мұрағатының директоры Борис Жапаров.

- Университет қабырғасында ұйымдастырылған бұл көрменің студент-жастарымызға беретін тәрбиелік мәні зор, - дейді университет ректоры Шәріпбек Әмірбеков. - Қазақстан ядролық қарусыздану жолында күрделі кезеңнен өтті 1995 жылы сәуірде соңғы ядролық ракета Семей жерінен әкетіліп, мамырда Дегелең алаңында соңғы жарылыс болды. Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында жүзеге асты, оның қайраткерлігі бүкіл әлемге үлгі. Бұл көрмеге Президенттің мұрағатымен қатар, Президент телерадиокешені, Ұлттық мұрағат, еліміздің кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалары орталығы да атсалысып отыр.

Семейден кейін аталмыш көрме Алматыда жұмысын жалғастырмақ, содан кейін Тәуелсіздік күні қарсаңында Астанада ашылатын болады.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде