USD 314.79
EUR 337.96
RUB 5.59
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Жаңа оңалту орталығы Өскемен қаласында іске қосылады

Жаңа оңалту орталығы Өскемен қаласында іске қосылады

Өскемен қаласында Сол жағалау ауданында жаңа оңалту орталығының құрылысы басталды. Оған қажетті үш жарым гектар жер телімін қалалық әкімдік биылғы сәуір айында бөліп қойған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, жер телімі қаланың орталығынан, ЖМК ықшам ауданына баратын жолда салынып жатқан драма театрына жақын маңнан бөлініпті. Қазіргі күні мамандар қажетті құжаттарды реттеу үстінде. Алдын ала болжам бойынша құрылыс жұмыстары келесі жылдың мамыр айына қарай аяқталуы тиіс. Медицина мекемесін салуға қазынадан бөлінген қаражатпен қоса, жеке инвесторлардың да ақшасы жұмсалмақ.

Мамандардың айтуынша, жаңа медициналық орталық 92 орынға арналған. Ол жерде болашақта кардионеврологиялық және ортопедиялық оңалту бөлімдері ашылмақ. Сонымен қатар ауруханада физиотерапия кабинеті де болады.

Аталған мекемеде халыққа көрсетілетін барлық дәрігерлік қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында жүргізіледі.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде