USD 315.15
EUR 340.05
RUB 5.53
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Этнос тілдерінің күндері аталып өтеді

Этнос тілдерінің күндері аталып өтеді

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес жыл сайын қыркүйек айының үшінші жексенбісінде Қазақстан халқының тілдері күні аталып өтіледі.

Тілдер мерекесіне орай 2014 жылдың 19 тамызынан Шығыс Қазақстан облысында «Тілдер шеруі» айлығы өтіп жатыр. Айлық аясында үстіміздегі жылдың 15 қыркүйегінен этнос тілдерінің апталығы басталды.

Апталықтың 1-ші күні армян, шешен, татар тілдеріне, 2-ші күні неміс, украин тілдеріне арналса, 3-ші күн, яғни 17 қыркүйек белорусь және азербайжан тілдерінің күні.

Шара барысында Шығыс Қазақстан халқының тілдері мен мәдениетін түлету мектебінің белорусь және әзербайжан тілдерін оқыту бойынша ашық сабақ беріледі. Белорусь тілін үйренушілер өз ана тілдерін үйренудегі жетістіктерін «Дожинки», яғни астық жинау мерекесі арқылы, ал «Азери» әзербайжан этномәдени орталығының өкілдері «Үйлену» салты арқылы көрсетеді.
Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында 9 Достық үйі бар. ШҚО-да 61 этномәдени бірлестік жұмыс істейді.

Шығыс Қазақстан облысының аудан, қалаларында ұйымдастырылған этнос тілдерін оқыту үйірмелеріндегі 43 топта 669 тыңдаушы өз ана тілдерін оқуда. Олардың 429-ы мемлекеттік тілді оқыту курсына тартылған.

19 тамыздан бастау алған тілдер айлығы 19 қыркүйекте Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тілдер шеруі» фестиваліне ұласады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Біз әлеуметтік желілерде