USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Өскемен ауасы қай кезде көп ластанады?

Өскемен ауасы қай кезде көп ластанады?

Мамандар Өскемен қаласындағы ауаның ластану деңгейі қай кезде жоғарылайтынын анықтады. Олардың зерттеулеріне жүгінсек, облыс орталығының экологиясы қысқы мезгілмен салыстырғанда жазда тазарақ болады екен, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ал адамдардың сыртқа шығып серуендеуі үшін ең қолайсыз уақыт күннің алғашқы жартысы, яғни түске дейін.

- Әрбір маусым сайын атмосфералық ауадан сынама алынып отырады. Сынама аптаның үш күнінде үш сағатта бір рет алынады. Нәтижесінде ауаның құрамынан жиыны 170-тей ластаушы компоненттер табылды, - дейді. «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» РМҚК-нің облыстық филиалы директоры Зейнолла Сұлтанбеков.

Оның айтуынша, Өскемендегі ауаның қыс кезіндегі ластану индексі 34 бірлікті құраған. Бұл - өте жоғары көрсеткіш. Мұндай ластану шаңтозаңның, күкірт диоксидінің, азот диоксидінің мол шоғырлануынан туындайды. Жазғы маусымда бұл жеті бірліктен сәл асады.

Ажар Сағатпекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Кілт сөздер: ауаның ластануы
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде