USD 316.56
EUR 342.14
RUB 5.52
РУС ҚАЗ
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар

    Новостей нет

Мұхтар Мағауин мұражайда қонақта болды

Мұхтар Мағауин мұражайда қонақта болды

Көрнекті жазушы, тарихшы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Мұхтар Мағауин Семейдегі облыстық тарихи-өлкетану мұражайына отбасымен келіп, ондағы тарихи жәдігерлермен танысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл мұражайдың негізгі құндылықтары оның жәдігерлері болып табылатындықтан, оны жинақтап, қалпына келтіру барысындағы мұражай қызметкерлерінің еңбекқорлығына жазушы жоғары баға берді. Ал мұражай директоры Бекен Теміров:

- Мұражайдағы кез келген көрмені дайындау барысында үлкен зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қала тұрғындарынан, өлкетанушылар мен тарихшылардан көптеген тың деректер жинастырылады. Сонымен қатар, көрмені жасақтауда белгілі тарихи тұлғалармен қатар, екінің бірі біле бермейтін мәліметтер іріктеліп алынады. Мұражайымызға арнайы келіп, азды-көпті еңбегімізді бағалағаныңызға бек ризамыз, - дей келе құрметті қонаққа мұражай тарихы жайында мол дерек беретін кітапты сыйға тартты.

Кездесуде Мұхтар Мағауиннің әңгімелерін тыңдап, рухани бір жасап қалған қала тұрғындары мен мұражай қызметкерлері қаламгерге өздерін толғандырып жүрген көптеген сауалдар қойды, ізгі тілектері мен ризашылықтарын білдірді.

Раушан Нұғманбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп Ctrl+Enter пернені басыңыз
Пікір қалдырыңыз
Или водите через социальные сети
2 комментария
  1. тоқсаба
    Ұлы жазушы мұражайды көрсе, оның (мұражайдың) рейтингі күрт жоғарылайды.
  2. жаманшал
    Дұрыс айтасыз, жалғыз "Аласапыранның" өзі ғана Қазақстан үшін бренд емес пе.
Көп оқылған
Біз әлеуметтік желілерде